17:28, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Бас прокурор Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің жаңа төрағасын таныстырды
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат Елбасының Өкімімен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған Марат Ахметжановты бүгін ұжымға Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәми таныстырды,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Жаңа басшыны таныстырған Бас прокурор, Комитеттің басымдықты міндеттерін, атап айтқанда, қылмыстық қудалау органдары үшін қылмыстар туралы ақпараттарды есепке алудың ортақ базасын құру, құқық қорғау органдарының қызметі туралы статистикалық есептерді оңтайландыру, қылмыстардың ашылуын есептеу әдістемесін жетілдіру, тағы басқа міндеттерді анықтап берді.
Кездесу барысында Бас прокурор сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін жүзеге асыру жөніндегі прокуратураның негізгі міндеттерін түсіндіріп өтті.