Бас Прокурордың араласуымен Көкшетаудағы «Юбилейный» спорт кешені мемлекет меншігіне қайтарылды

ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Бас Прокурордың наразылығымен ағымдағы жылдың 8 қарашасында Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасы төменгі сатыдағы заңсыз сот актілерінің күшін жойып,
None
None

Көкшетау қаласындағы «Юбилейный» спорт кешені мемлекет меншігіне қайтарылды.

Аталған спорт кешенінің мәселесі «Олимп-Көкше» ЖШС бастамасымен бірнеше рет сотта қаралған болатын, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұған дейін аталған серіктестік мемлекетке 1,7 млн теңгеге сатылған нысанды сот тәртібімен қайтарып алуға әрекет жасаған. Жоғары Сотқа дейін барлық сот сатылары ЖШС-ның мүлікті басқаның иелігінен қайта талап ету туралы талап-арызынан бас тартты.

Алайда Ақмола облысының соттары кәсіпорынның жағына шыққан, олар формалды негіздерді пайдалана отырып, олимпиядалық резервтегі 2 балалар мен жасөспірімдер мектебінің мемлекеттік тіркеуін, меншік құқығы мен жедел басқару құқығын жарамсыз деп таныған. Нәтижесінде спорт кешені заңсыз жеке тұлғаның меншігіне беріледі. Спорт кешенінің бірде бір құқық белгілейтін құжатына дау келтірілмегеніне және олардың әлі күнге дейін заңды күші барына қарамастан, сот серіктестіктің талап-арызын қанағаттандырған.

Сондай-ақ, салық органдарының мәліметтеріне сәйкес «Олимп-Көкше» ЖШС әрекетсіз деп танылған. Сол себепті аталған мүлікті серіктестікке беру - 7 жылдан аса мемлекет меншігінде болып, 109 млн. астам теңге жұмсалған маңызды әлеуметтік объектінің құруына әкеп соғар еді.

Жоғарғы Сот Бас Прокурордың дәлелдерімен толық келісті. Заңдылық қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар