Бас редактор тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен Балажан Абай Бекназарұлы «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директоры - бас редакторы болып тағайындалды, деп хабарлады ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен. 

Бас редактор тағайындалды

Анықтама: А.Балажан - 1962 жылы туылған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1983 жылы «Қызылқұм» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. 1984-2013 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, аға корректор, аудармашы, тілші, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, республикалық «Қазақстан» ұлттық телерадиокорпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының бірінші орынбасары, республикалық «Евразия-kz» қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, «Ясауи әлемі» журналының бас редакторы, «Орда-kz» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 2013 жылғы қазан айынан «Skifnews.kz» онлайн-газетінің бас редакторы болып еңбек етіп келеді.