«Бәсекелестік туралы» заңда мүдделі тараптардың барлық ұсыныс, тілектері ескерілген - Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ – «Бәсекелестік туралы» жаңа заңда мүдделі тараптардың барлық ұсыныс, тілектері ескерілген.
None
None
ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев бүгін Алматыда заңды түсіндіруге арналған семинар кеңесте осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жаңа заңды түсіндіруге арналған бұл шараны республикалық акция аясында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ бірігіп ұйымдастырды. Оған бизнес қауымдастықтарының және Қазақстан мен Ресейдің сауда-өнеркәсіп палаталарының өкілдері, басқа да мүдделі тараптар қатысты. «Біз жарты жыл бұрын сіздердің алдарыңызда берген өз уәдемізді орындадық. Қазақстанда бизнестің белсенділігін қолдау үшін қажетті ұсыныс, тілектер жаңа заңда толық қамтылған. Ендігі мәселе оны әкімшіліктендіруде», - дейді Мәжит Есенбаев.
Соңғы жаңалықтар