12:43, 17 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Башмачное ауылында жарма шығаратын зауыт салынды - Павлодар облысы
ВЛОДАР. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Башмачное ауылында жарма өндіретін зауытта іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлады Железин ауданының әкімдігі.

Зауыттың жобалық қуаты - тәулігіне 15 тонна шикізат өңдеу, мұнда жергілікті шаруашылықтар өсірген жарма дақылдары өнімдері шығарылады. Жаңа өңдеу кәсіпорнында 24 жұмыс орны ашылды.
Башмачноедегі зауытты «Егер» ЖШС салды, бұл фирма бұған дейін Ленин кентінде және Павлодарда осындай өндірістерді іске қосқан болатын.
Жаңа зауыт кәсіпорын шарт жасасқан шаруашылықтардан қарақұмықтың жаңа егінінің өнімдері келіп түскен бойда өз жұмысын бастайды.