Басқа өңірлерге қарағанда Ұлытау облысында медбикелердің жалақысы 5% кем көтерілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сәтбаев қаласындағы Орталық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Онда медбикелердің бірі кіші қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін қозғады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
None
Фото: primeminister.kz

Сәтбаев қаласындағы Орталық аурухана қызметкерлерімен кездесу барысында
Премьер-Министр 2020 жылдан 2023 жылға дейін дәрігерлер жалақысы жыл сайын 30%-ға, ал орта буын медицина мамандарының жалақысы 20%-ға ұлғайтылғанын еске салды. Сонымен қатар 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын денсаулық сақтау саласының қалған қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттыру туралы шешім қабылданды.

Алайда Ұлытау облысында кіші буын медицина қызметкерлерінің жалақысы тек 15%-ға көтерілгені анықталды.«Бұл дұрыс емес, жыл сайын 20%-ға көтеру туралы шешім қабылданды, осылайша, төрт жыл ішінде жалақыны шамамен екі есе өсіру көзделген. Әкімдікпен бұл мәселені шешейік», — деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар