Басқарма басшылары университет бітіруші түлектермен кездесті
ОРАЛ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша басқармасы және тәртіптік кеңес облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесе отырып, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және «Еуразия» академиясын жергілікті мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітіретін түлектермен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған басқармалар басшылары, тәртіптік кеңес төрағасы Әкімгерей Серғалин мен Серік Шәпкенов мекемедегі жұмыстың негізгі бағыттары, мемлекеттік қызмет саласында атқарылған жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді. Аттестациядан өту, жастар тәжірибесі, мемлекеттік қызметке конкурс арқылы қабылдау жолдары туралы сауалдар беріліп, тиісті жауаптар қайтарылды. Кездесу соңында түлектер басқармалар қызметкерлерінің жұмыс орындарымен танысты.