Баскетбол: қазақстандық ойыншы А. Жигулин Испанияның «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Баскетболдан Қазақстанның жастар құрамасының ойыншысы 16 жасар Александр Жигулин Еуропаның мықты баскетбол клубтарының бірі - Испанияның «Барселонасымен» келісімшартқа отырды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат «Біздің спорт» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бізде бар ақпараттар бойынша, жас шабуылшы Барселонаға сынақтан өту үшін осыдан екі ай бұрын аттанған және Хавьер Паскуал жаттықтыратын команданың құрамына кірген. Жигулин өнер көрсеткен соңғы қазақстандық клуб Қостанайдың «Тобылы» болып табылады», делінген «Біздің спорт» сайтының бүгінгі таратқан хабарламасында.

Аталмыш сайттың мәліметінше, осыдан бір жыл бұрын Жигулин Вильнюстағы «Джордан Классик» атты баскетбол лагерінде айрықша көзге түсіп, жұлдыздар матчына қатысқандардың арасынан үздік ондықтың қатарынан табылған.

Айта кетейік, «Барселона» Испаниядағы мықты және ең атақты клубтардың бірі болып саналады. Ол баскетболдан 15 дүркін ел чемпионы атанып, 21 мәрте Испания кубогын жеңіп алған. Ал, 2003 жылы «Барселона» Еуролигада топ жарды.

Соңғы жаңалықтар