Баскетболдан әйелдер арасында ел чемпионатының жартылай және финалдық ойындары басталды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Көкшетауда баскетболдан әйелдер командалары арасында XVIII Қазақстан чемпионатының жартылай және финалдық ойындары басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алғашқы кездесуде ел чемпионатының өткен жылғы жеңімпазы Астананың «Жолбарыстар-КАТУ» командасы тараздықтарды 78:29 есебімен ұтты. Ал жарыс қожайыны «Оқжетпес» Павлодардың «Ертіс-ПНХЗ» командасынан (71:59) басым түсті. Енді ертең олардың екінші кездесулері өтеді. Жартылай финалдық ойындар команданың екі жеңісіне дейін, ақтық ойындар үш жеңіске дейін жалғасады. Жалпы бұл дүбірлі додадан алматылықтар 4-ші турдың басында шығып қалған болатын. Олар ел чемпионатында жыл сайын тұрақты түрде 5-ші орынды қанағат тұтуда.