Баскетболдан біріккен ВТБ лигасы тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Баскетболдан Біріккен ВТБ лигасы коронавирус пандемиясына байланысты маусымды тоқтатты, деп хабарлайды Olympic.kz.
None
None

Коронавирус пандемиясының кесірінен Біріккен ВТБ лигасы аясындағы барлық ойындар 13 наурыздан бастап уақытша өтпейтін болды.

Әлемдегі жағдайды ескере отырып, ұйым басшылары 2019/2020 жылғы маусымды ерте жабуына тура келген. Біріккен ВТБ лигасы ұйымдастырушылары үшін бірінші орында әрдайым спортшылардың денсаулығы, олардың қауіпсіздігі маңызды, делінген ресми ақпаратта.

Айта кетерлігі, елордалық «Астана» клубы аталған ойын аясындағы матчтарды көрерменсіз өткізуді жоспарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар