Баскетболдан ерлер арасындағы ұлттық құрама командасы Қытайда өтетін 16-шы Жазғы Азия ойындарына бара алмай қалуы мүмкін
16-шы Жазғы Азия ойындарына Қазақстанның баскетболдан ерлер және әйелдер арасындағы құрама командалары, әр командадан сегіз ойыншыдан жасақтап аттануы тиіс. Екі құраманың да басым денін Қазақстан чемпионаты мен Кубогын бірнеше жыл бойы ешкімге бермей келе жатқан - «Астана жолбарыстары» баскетбол клубының спортшылары құрайды.
«Бүгінгі күні ерлердің ұлттық құрамасын жаттықтыратын бапкер жоқ. Оларда ешқандай жоспарлар мен бағдарламалар жоқ. Федерация мен ұлттық құрамаларға жауап беретін спорт ведомстволары баскетболға бөліп отырған қаражаттардың мардымсыздығы соншалық, ол ақша екі құрамаға жақсы киім алып беруге және олармен оқу-жаттығу өткізу үшін ғана жетеді», - деп атап өтті «Астана жолбарыстары» БК ерлер командасының бас бапкері Виталий Стребков.
БК-ның директоры Валериан Коптеловтың сөзіне қарағанда, әйелдер құрамасын Жазғы Азия ойындарына дайындап жатқан жаттықтырушы болғанымен, қаражаттың жоқтығынан олар да бұл халықаралық додаға бара алмай қалуы мүмкін.