Баспана мәселесін саясиландырмау керек - Қ. Көшербаев

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Баспана мәселесін саясиландырмау керек. Парламентте  «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары» атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев осылай мәлім етті.
None
None

Вице-премьердің айтуынша, халықты қолжетімді баспанамен қамту - аса маңызды әлеуметтік мәселе.

«Адамның баспағана қажеттілігі -  бұл толғағы жеткен қажеттілік. Қажеттілік тұрғысынан келсек, шынымен де баспана бұл азыққа, суға деген қажеттілікпен бірдей деңгейде тұр. Тұрғын үй жайы әрбір азаматқа, әрбір қазақстандыққа қатысты елеулі мәселе. Бұл проблема әрқашан өзекті болып келген. Өздеріңізге белгілі, кейбіреулер бұл мәселені саясиландырғысы келеді. Сол арқылы маңызды әлеуметтік проблемаларды билік пен қоғам арасындағы барьер ретінде пайдаланғысы келетіндер де байқалады. Шын, нағыз патриоттар олай жасайды деп айта алмаймын. Керісінше, нағыз патриот - «нашарлаған сайын маған жақсы» деген қағидатпен айдақтайтындар емес, әлеуметтік маңызды мәселенің шешімін табатын тиімді тетік ұсынатындар деп білемін», - деді Қ. Көшербаев.

Соңғы жаңалықтар