Бәсссаудада екі қауын 16 мың долларға сатылды

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Жапонияда бәссаудада екі қауын 16 мың АҚШ долларына сатылған.
None
None

Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар хабарлады.

Саппоро қаласында «юбари» сұрыпы саудаға шығарылды. Қауындарды алған көкөніс сатумен шұғылданатын компания оларды жергілікті бастауыш мектепке сыйға тартпақ. Онда оқушыларға ас дайындау мәдениеті мен тарихын меңгерту жолында кәдеге жарату көзделуде.

Қауынның тіл үйірер аса дәмді «юбари» сұрыпы Жапонияда таңдаулы бақша өнімдерінің бірі ретінде есептеледі. Оның қабығындағы суреттер ежелгі қытайдың фарфор құтыларына ұқсас.

Соңғы жаңалықтар