«Бәтеңке лақтыру» үрдісі Испанияға жетті: бұл жолы Түркия премьері нысана болды
Түркия БАҚ-тары таратқан ақпаратқа сілтем жасап Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұзақының шабуылына Түркия үкіметінің басшысы марапаттау рәсімі өткен ғимараттан шығып келе жатқан кезде ұшыраған. Премьер көлігіне отыра берген кезде, демонстранттардың бірі оған бәтеңке лақтырып, ұрандар айқайлаған, бірақ бәтеңке нысанаға тимеген.
Полиция дереу ұстаған әлгі азамат күрдтердің жұмысшылар партиясының мүшесі көрінеді. Премьердің күзет қызметінен хабарлағандай, «бәтіңке лақтырғыш» масаң болған. Тергеу жүргізілуде. Әлгі «батырды» қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, жоғары лауазымды тұлғаларға «бәтеңке лақтыру дәстүрін» Ирак журналисті Мутадир Заиди бастаған болатын. 2008 жылдың желтоқсан айында ол сол кездегі АҚШ президенті Джордж Бушқа бәтеңке лақтырып, Ирак халқының батыры атанған еді.