Батыс Қазақстан облысында орман өрті тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бір орман өрті тіркелді. Өрт Батыс Қазақстан облысында болған, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін еліміздің орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелді
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. Оны ауыздықтауға орман шаруашылығының 6 қызметкері, Төтенше жағдайлар қызметінің 10 маманы және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлері жұмылдырылды.

— Қазір өрттің қайта тұтануына жол бермеу және жағдайды бақылауда ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Мамандар өрт қаупі кезеңінде табиғат аясында демалатын азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін Ақтөбеде қоқыс полигонынан өрт шыққанын жазғанбыз.