Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

ОРАЛ. KAZINFORM — БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарын 7 мамыр мерекесімен құттықтап, әскери қызметкерлер, құқық қорғау саласының мамандары және ел тыныштығын күзетіп жүрген барша азаматқа жылы лебізін білдірді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

— Ата-бабаларымыз аманаттаған қасиетті жеріміздің тыныштығы мен Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы — әр азаматтың асыл парызы. Президентіміз, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей,  «Армия — мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі. Отан қорғау — қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет». Бұл — ел қорғау ісінің маңыздылығын айшықтайтын терең ойлы сөз, — деді өңір басшысы.

Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі
Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

Облыс әкімі өз құттықтауында Мемлекет басшысының Отан қорғаушыларға және әскери қызметкерлерге көрсетіп отырған айрықша құрметіне де назар аударды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі
Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

— Биылғы жылдың 14 сәуірінде Мемлекет басшысы халықаралық бітімгерлік миссияларға қатысқан әскери қызметшілермен кездесіп, олардың еңбегіне жоғары баға берді. Қазақстандық бітімгерлер Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында 2014 жылдан бері 700-ге жуық сарбазбен түрлі халықаралық операцияларға қатысып, ел абыройын асқақтатып келеді. Кеше ғана Ақорда төрінде Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген салтанатты жиында мемлекеттік наградалар тапсырылды. Бұл — мемлекет тарапынан көрсетілген зор құрмет, жоғары бағалау, — деді Нариман Төреғалиев.

Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында өткен салтанатты жиында сондай-ақ, облыс басшысы қызметте ерекше көзге түскен, жетістіктерімен танылған азаматтарға құрмет көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттады.

Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

Шара патриоттық рухты көтерген әсерлі концертпен қорытындыланды.

Бұған дейін БҚО-да қазақ киносының онкүндігі басталғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар