Батыс Қазақстанда 3 автокөлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау жолы бойында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды.

Батыс Қазақстанда 3 автокөлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды
Фото: тұрғындардан

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 10 тамыз күні сағат 15.00-де Оралға қарасты Круглоозерный кенті тұсында жүргізуші «ВАЗ-2115» автокөлігімен басып озамын деп, қарсы бетке шығып кеткен. 

Содан кейін Toyota Camry және Нyndai Creta көліктерімен соқтығысқан.

— Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2115» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Оған қоса Нyndai Creta автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады ведомстводан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қару мен киік мүйізін заңсыз сақтаған шаруа қожалығының басшысы ұсталғанын жазған едік. 

 

 

Соңғы жаңалықтар