Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда Шаған өзенінен өтетін көпір жабылады

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында халықаралық маңызы бар Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы («Сырым» автокөлік өткізу бекеті) автожолының 247-шақырымындағы Шаған өзені арқылы өтетін көпірде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. 

көпір
Видеодан алынған кадр

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, осыған байланысты биылғы 26 шілде күні сағат 05.00-ден 11.00-ге дейін көпір барлық автокөлік түрлері үшін жабылады.

— Осыған орай жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Жөндеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздікті «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалы және Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы ұйымдастыратын болады, — делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жаяу жүргінші бөлігі құлаған көпірді зерттеу жұмыстары басталғанын жазған едік