Батыс Қазақстанда жол апатынан екі полиция қызметкері көз жұмды

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде қос бірдей полиция қызметкері қаза тапты.

м
Фото: ІІМ

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жол-көлік оқиғасы 3 шілде күні болды.

Жол апаты салдарынан Тасқала ауданы полиция бөлімінің екі қызметкері көз жұмды.
Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу және жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

- БҚО полиция департаменті және ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Әдиетовтің тума-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады, - деп хабарлады ведомстводан.

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында қос полиция қызметкерінің туған-туыстарына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 12 жастағы қыздың ауруханада көз жұмуына байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын жазған едік.