Батыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам көз жұмды

апат
Фото: БҚО полиция департаменті

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам мерт болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 22 маусым күні таңмен Самара-Шымкент жолында Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы тұсында болған. 

«43 жастағы жүргізуші „Лада Приора“ автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан 44 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан „Мазда“ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан екі көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауыр дене жарақатын алды. Аталмыш дерек ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан. 

жко
Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнына құтқарушылардың да барғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да интернет-алаяқтар келтірген залал 211 млн теңгеден асып отырғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар