Батыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам мерт болды

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты.

жол апаты
Фото: БҚО Полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні Ақжайық ауданы аумағында болды.

жол апаты
Фото: БҚО Полиция департаменті

«Сағат 22.00-де Орал-Атырау жолы бойында «ГАЗель» мен «Тойота Камри» автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

жол апаты
Фото: БҚО Полиция департаменті

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Шалқар көлінің жағасында әйел адамға найзағай түскенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда бір күнде екі бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті.

жол апаты
Фото: БҚО Полиция департаменті

 

 

Соңғы жаңалықтар