Батыста қатты жауын-шашын: алдағы күндерге болжам жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Жаңбыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Болжамға сай ел аумағының басым бөлігінде ауа райы жағдайына антициклон ықпал етеді. Аз бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы жағдайында жер бетіне жақын қабаттағы ауаның қарқынды салқындауы жалғасады, соның салдарынан түнгі уақытта теріс температура сақталады.

— Батыста, солтүстік-батыста және республиканың оңтүстік-шығыс шетінде циклонның алдыңғы бөлігі әсер етеді. Бұл өңірлерде көбіне бұлтты ауа райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болады, ал батыста қатты жауын-шашын түсуі мүмкін. Республика аумағында желдің күшеюі болжанады, ал түнгі және таңғы уақытта солтүстікте және шығыста кей жерлерде тұман түседі, — делінген хабарламада.

Ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді.

Соңғы жаңалықтар