11:52, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
«Батыс» ӘКК Батыс Қазақстанда бірнеше жобаны жүзеге асыруда
ОРАЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Батыс» ӘКК Батыс Қазақстан облысында бірнеше жобаны жүзеге асыруда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Корпорацияның БҚО бойынша департаментінің директоры Жексенғали Серіковтың сөзіне қарағанда, Теректі ауданы Пойма стансысында күнбағыс майын өндіретін зауыт құрылысы жүргізілуде. Бұған қуаты 7400 тонналық чех фирмасының жабдығы алынбақ. Бұл жоба 4,3 мың тонна көлемінде облыс қажетін қамтамасыз етуге және артығын басқа аймақтарға сатуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта «Батыс Күнбағыс» АҚ құрылды. «Батыс» ӘКК оның жарғылық қорының 24 пайызын иеленеді.
Тағы бір маңызды жоба ? газтурбиналы электр стансысы. Мұны облыс әкімдігі, «Батыс» ӘКК, «Гидромаш-Орион» инвестициялық компаниясы» және «Жайықмұнай» ЖШС бірлесіп жүзеге асыруда. Мұндағы басты міндеттің бірі ? 40-50 МВт көлемінде электр қуатын Ресейден сатып алатын облыс қажетін өтеу. «Батыс» корпорациясы ГТЭС құрылысы үшін 2 гектар жер телімін берді.
Ауыл шаруашылығы кластерін қалыптастыру мақсатында сыйымдылығы 4 мың тонна, қазіргі заманғы көкөніс қоймасы салынуда.
Департамент жер қойнауын пайдалану саласында да біраз шаруа атқарды. Облыстық комиссия күні бүгінге дейін жер қойнауын пайдалану құқығын рәсімдеуге барлау және өндіру жұмыстары үшін 15 жер телімі бойынша шешім шығарды.