«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Қазагромаркетинг» АҚ меморандум жасады

АҚТӨБЕ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Қазагромаркетинг» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, меморандумға өткен аптаның соңында болған кездесу барысында корпорация басқармасының төрағасы Андар Шоқпытов пен Ақтөбеге сапармен келген «Қазагромаркетинг» басшысы Дархан Қалиев қол қойды. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында маркетингілік зерттеулер жүргізудің өзара ынтымақтастығының кемел келешегі талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімінің жергілікті өндірісін дамыту, инфрақұрылымдық нысандар құру және аймақтық базарларда бағаларды төмендету мақсатында корпорация Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының агроөнеркәсіптік кешендерінде бірқатар жобаларды жүзеге асыруда.
Соңғы жаңалықтар