19:25, 17 Ақпан 2010 | GMT +5
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының жамбылдық учаскесінің құрылысына негізінен жергілікті кадрлар пайдаланылады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 404-443-ші шақырым аралығындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трансқұрлықтық автожолының жамбылдық учаскесінің құрылысына негізінен жергілікті кадрлар және жергілікті материалдар пайдаланылатын болады,
деп мәлімдеді «Қазақжолқұрылысы» ЖШС жобасының жетекшісі Леонид Стрельников.
«BI Group холдингіне енетін «Қазақжолқұрылысы» компаниясы тендерді ұтып алды. «Тараз - Қордай» жолы учаскесінің құрылысына мыңға жуық адамдарды тартуды жоспарлап отыр. Олардың негізгі бөлігі Жамбыл облысының тұрғындары», - деді Л. Стрельников. Ол бүгінгі күні компанияға 50-ге жуық жергілікті тұрғындардың жұмысқа орналасқанын атап өтті.