Батыс ислами бағалы қағаздарға қызығушылықты арттырып келеді

Сайттың хабарлауынша, «HSBC» борышкерлер нарығы жөніндегі меңгеруші директор Мұхаммед Дауд Еуропадағы қаржы саласы мен экономикалық жағдайдың тығырыққа тірелуі сукукқа деген сұранысты арттырғанын мәлімдеген. Ал «Standard & Poor's» мәліметіне зер салсақ, Дубайға орналастырылған 500 млн доллар мөлшеріндегі сукуктың 38 пайызын батыс елдерінің инвесторлары сатып алған. «Standard Chartered Bank» ислами банктің дубайлық бөлімшесінің жетекшісі Ахсан Әлінің айтуынша, бұл да бизнестің бір түрі. Яғни, қолма-қол есеп айырысу арқылы жоғары мөлшерлеме бойынша жеткілікті қаражатқа қол жеткізуге болады.
«Сарапшылар алдағы уақытта сукук нарығына Тунис пен Мысырдың да енетінін айтып отыр. Олар өздерінің инфрақұрылымдық жобаларына қаражат тарту үшін осындай қадамға барады», - деп жазады Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.