Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде түлектер кездесуі болды

ОРАЛ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде түлектер кездесуі болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесуді ашқан кафедра меңгерушісі, ғылым кандидаты Диамара Төлегенова бұл шараның мақсаты студенттердің өз мамандығына қызығушылығын арттыру, ғылым жолына үндеу екенін атап өтті. Меймандар дағдарысқа қарсы еліміздің аграрлық саласында қолға алынған жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді. Ақмола облысындағы И.Бараев атындағы ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері Алмагүл Қажығалиева мен Әсем Әміржанова жаңадан қолданысқа енгізілген бидай тұқымдары және күнбағыс майын өндіру технологиясы турасында ой бөлісті.
Соңғы жаңалықтар