Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жастар тәжірибесіне ерекше көңіл бөлініп отыр

ОРАЛ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Жолдауына сәйкес Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жастар тәжірибесіне ерекше көңіл бөлініп отыр,

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жастар тәжірибесіне ерекше көңіл бөлініп отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Университеттің түлектер тәжірибесін ұйымдастыру және еңбекке орналастыруға көмектесу бөлімінің басшысы Бейбіт Нәсиевтің айтуынша, биыл аталмыш оқу орнын 1290 адам бітіретін болса, соның 1113-і немесе 86 пайызы жастар тәжірибесіне қатысуға ниет білдіріп отыр. Соңғы жылдары университет түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 60 пайызды құрайды. Жас мамандар көптеген кәсіпорындардан тәжірибеден өтіп, еңбек орнын таба алады. Ал «ҚПО б.в.», «Конденсат» компаниялар тобы, «Қазтрансойл» АҚ, барлығы 18 кәсіпорында университеттің арнайы базасы бар. Биыл ашылған интернет-сайтта түлектердің электронды базасы жасақталған. Мұнда жас мамандар туралы толық мағлұмат бар. Екінші бір маңызды мәселе ? жас кадрларды ауылға орналастыру. Соңғы кезде ел ішіне барған жас дәрігер, мұғалімдерге баспана беріліп, әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Осындай жәрдем агроном, агрохимик, мал мамандарына да берілсе, оңды болар еді.