Батыс Қазақстан халқы 619 мыңға жуықтады

ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 618,6 мың адам тұрады.
None
None
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның 44,6 пайызы немесе 275,9 мыңы ? қала, 55,4 пайызы немесе 342,7 мыңы ауыл тұрғындары болып отыр. Өңір тұрғындары өткен жыл басынан бері 3329 адамға көбейсе, осы мерзімде қала халқы 3043 адамға өсіп, ауылдықтар 286-ға артты. Халықтың табиғи өсімі 4961 адамға жетіп, 2007 жылғыдан 37 пайызға өсті. Өткен жылғы он бір айда дүниеге 10742 сәби келді, бұл алдыңғы жылғыдан 9,4 пайызға көп. Осының 4783-і немесе 44,5 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді.
Соңғы жаңалықтар