Батыс Қазақстан халқының 81 пайызы есепке алынды

ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы халқының 81 пайызы есепке алынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары Болтай Әлімбаеваның айтуынша, бұл көрсеткіштерін 93 және 91 пайызға жеткізген Жаңақала және Ақжайық аудандарында халық санағы бүгін бітеді делініп отыр. Орал қаласында тұрғындардың 80 пайызы санақтан өтті. Сондай-ақ аймақта, соның ішінде Қарашығанақта жұмыс жасайтын шетелдік азаматтар да санақтан тыс қалған жоқ. Өңірде бұл жауапты іс қалған екі күнде толық аяқталмақ. Содан кейін наурыздың 7-16-сы аралығында нұсқаушы-бақылаушылар тағы бір сүзіп шықпақ. Олар санақтан өткендердің 10 пайызын қамтиды.
Соңғы жаңалықтар