Батыс Қазақстан мен Орынбор облыстарының жастары Жайық өзенінің қазіргі жай-күйіне алаңдаушылық білдірді

ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орынбор қаласында «Мы+Біз» атты жастар форумы өтіп, оған осы өлке мен Батыс Қазақстан облысынан жастар қоғамдық бірлестіктері, өзін-өзі басқару органдары, студенттік ұйымдар, «Жас Отан» және «Молодая гвардия» бастауыш партия ұйымдары, ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері қатысты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орынбор және Орал қаласының басшылары Юрий Мещеряков пен Самиғолла Оразов, Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Кенжебай Нығмет қатысқан жиында Жайық өзенінің экологиялық жағдайы, оны бірлесіп шешу жолдары кеңінен әңгіме болды.

Екі облыс жастары Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевке Жайық өзенін құтқару қорын тездетіп құру мәселесін шешу жөнінде үндеу қабылдады.

Соңғы жаңалықтар