12:51, 02 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына сапа сертификаты тапсырылды
ОРАЛ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына ИСО 9001 – 2000 халықаралық сапа жүйесіне сәйкестік сертификаты табыс етілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарма жыл бойы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ облыстық филиалы мамандарының көмегімен сапа жүйесіне көшумен айналысты. Басқарма бастығының орынбасары Ғизатолла Лямовтың айтуынша, мекемеде құжаттау, әкімшілік, басқару, медициналық қызмет көрсету мәселелері толық қайта қаралды. Медицина қызметкерлері арнайы дәрістер өткізіп, кеңестер беріп отырды. Осының бәрі тұрғындардың медицина қызметіне қалай қарайтынын анықтауға мүмкіндік берді. Екіншіден, бұл басқарманың барлық жұмысын одан әрі жетілдіруге жол ашады.
Денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қала мен ауылда алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету алдағы уақытта да нығайтыла түсетін болады.