Батыс Қазақстан облыстық драма театрларында жаңа спектакльдер қойылуда

ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық драма театрларында жаңа спектакльдер қойылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында Нил Саймонның «Киноға түскім келеді» атты комедиясы сахналанды. Режиссер Сергей Пацаль қойған спектакльде үш-ақ адам ойнайды. Херб Таккерді С.Пацальдың өзі сомдаса, оның қызы Либбиді жас актриса Людмила Гвоздева сахнаға шығарды. Таккердің досы Стеффи Блондерді Светлана Романова бейнеледі. Мұнда әкесі кішкентайында тастап кеткен қызымен есейген шағында аяқ астынан кездесіп, оның киноға түскісі келетін талабын орындауға мәжбүр болады. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында әзірленіп жатқан мысырлық драматург Т.Әл-Хакимнің «Сұлтанның сасқаны-ай» шығармасы ( бұл да комедия, режиссері Құсейін Әмір-Темір ) ақпанның 7-8-інде «жарыққа шықпақшы».
Соңғы жаңалықтар