20:41, 02 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы өзгерді
ОРАЛ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы қызметіне Серік Шәпкенов тағайындалды. Жаңадан тағайындалған басшыны басқарма ұжымына облыс әкімі қыркүйектің 2-сінде таныстырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Серік Жамбылұлы - басқарманың бұрынғы басшысы Ерболат Жұмағалиевтің қасында біраз тәлім-тәрбие алған азамат. Бірнеше жылдан бері осында еңбек етіп келеді. Білімі, жұмыс жасау қабілеті жеткілікті. Әрі жас, әрі қазірдің өзінде сенім артуға лайық мамандардың бірі деп есептеймін», деді әкім.
Серік Шәпкенов 1979 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, мамандығы - экономист-математик.