Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне жаңа басшы келді

ОРАЛ. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Арман Кеңесұлы Жалмұханбетов Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы  болып тағайындалды.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Арман Жалмұханбетов 1961 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. Полиция генерал-майоры. КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін бітірген.

Ішкі істер органындағы қызметін Қарағанды облысы №223 ІІБ ішкі істер бөлімінен бастаған. Алматы қаласының Әуезов, Мәскеу, Калинин аудандары ішкі істер бөлімдерінің жедел қызметтерінде жұмыс істеген.  1994 жылдан бері ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бас басқармасының, ҚР ІІМ Ақмола облысы бойынша басқармасының, сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік тергеу комитетінің басшысы қызметтерін атқарды. 1997 жылы көліктегі Целинный ІІБ бастығының орынбасары, кейін бастықтың бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. 2000 жылдан 2002 жылға дейін Астана қалалық ІІББ бастығы қызметін атқарды. Сонымен қатар ҚР ІІМ әскери-тергеу департаментін және ҚР ІІМ аса ауыр қылмыстармен күресті үйлестіру бойынша орталығын басқарды. Көліктегі Орталық ІІД және Шығыс Қазақстан облыстық ІІД басқарды.

2005 жылы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған

Соңғы жаңалықтар