Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жаңа қойылым әзірленуде

ОРАЛ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жаңа қойылым әзірленуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Египет драматургі Т.Әл-Хакимнің «Сұлтанның сасқаны-ай» комедиясын Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ сазды драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құсейін Әмір-Темір сахналамақшы. Ақпанның алғашқы күндері премьерасы болатын спектакльде театрдың белді әртістері ойнайды. Театр директоры Құжырғали Төлеуішевтің айтуынша, аталмыш қойылыммен қызылордалық театр өткен жылы Ақтауда өткен республикалық фестивальде үшінші орынды иеленген болатын. Алдағы уақытта осы байқауда жүлделі орындарды еншілеген павлодарлық, петропавлдық театрлардың спектакльдерін де Оралда сахналау көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар