Батыс Қазақстан облыстық тәртіптік кеңесінде мемлекеттік қызметкерлердің істері қаралды

ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің бүгінгі отырысында бір топ мемлекеттік қызметкердің тәртіптік істері қаралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тәртіптік кеңес балабақша ғимаратына байланысты жүргізілген мемлекеттік сатып алуда заң бұзушылыққа жол берген Орал қалалық білім бөлімінің бастығы Дайыр Сапаровқа сөгіс, бөлім меңгерушісі Римма Түрікменова мен бас маман Раиса Супееваға ескерту беру туралы ұсыныс жасаса, облыстық білім басқармасының бастығы Светлана Бисембаеваның ісін мәні бойынша шешім қабылдау үшін облыс әкіміне жолдады. Отырыста облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Ғұмар Дүйсембаевтың есебі тыңдалып, мекемеде азаматтарды қабылдау жұмысы тиісті дәрежеде ұйымдастырылмағаны, олардың арыз-шағымына уақтылы жауап берілмейтіні атап көрсетілді. Осыған орай мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі талаптарын бұзғаны үшін Ғ.Дүйсембаевқа сөгіс беру ұсынылды. Заңды тұлғаға заңсыз артықшылық көрсетіп, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені үшін Ақжайық аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы Нұрғали Мүтиев пен Ақжайық аудандық өкілетті мемлекеттік экологиялық инспекторы ? бас маман Жолдығали Аяповқа сөгіс, Алмалы, Ақсуат ауылдық округтерінің әкімдері Күләш Өтеулі мен Талап Өтемісовке, аудандық мемсанэпидқадағалау басқармасының бастығы Тамара Сүлейменова мен Тайпақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Зинолла Мұқановқа ескерту беру туралы ұсыныс жасалатын болды. Басқа да қаралған істер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Соңғы жаңалықтар