10:15, 05 Қазан 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстан облысына сенаторлар келді
ОРАЛ. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысына ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы Ақан Бижанов бастаған сенаторлар келді.
Делегация құрамында аталмыш комитет мүшелері - Светлана Жалмағамбетова, Ғарифолла Есім, Анатолий Башмаков, Құсайын Уәлиев, Орынбай Рахманбердиев бар. Сенаторлар облыс басшысымен кездескеннен кейін «Зенит» зауытында болып, халал стандарты мен еуропалық технологияға сәйкес келетін мал сою орнымен танысады. Сондай-ақ «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, өсімдік майын өндіретін зауытта болмақ.
Түс қайта сенаторлардың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында «ҚР Еңбек кодексінің орындалу барысы туралы» дөңгелек үстел отырысы өткізілмек.