15:27, 01 Наурыз 2022 | GMT +5
Батыс Қазақстан облысында 272 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 272 003 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, бұл – егілуге жататын тұрғындардың 65,6 пайызы.
Сондай-ақ 259 251-і (62,6 пайызы) екінші екпені қабылдады.
Облыс бойынша 62 375 адам ревакцинациядан өтті. Pfizer компаниясының вакцинасымен 10 409 адам егілсе, соның 384-і – жүкті, 4 607-сі – бала емізетін әйелдер, 5 416-сы – жасөспірімдер, екеуі – мүгедектер.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 49 579 адам коронавирус жұқтырды.
Күні бүгін 14 инфекциялық стационарда 42 науқас жатса, соның 9-ы ауыр халде.
Жыл басынан бері 40 науқас коронавирустан көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жыл басынан бері мыңнан астам оқушыдан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.