Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстан облысында 350 гектар аумақ өрт шалды

АСТАНА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Батыс Қазақстан облысында 350 гектар аумақты шарпыған дала өрті болды,

Батыс Қазақстан облысында 350 гектар аумақ өрт шалды

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеше Батыс Қазақстан облысы Қазталап ауданында дала өрті орын алды. Жалын шарпыған аумақ 350 гектарды құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жалын ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамдағы 6 адамы мен 2 техникасының, сондай-ақ жергілікті 37 тұрғын мен 6 техникасының күшімен ауыздықталды.