Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстан облысында екі ауданның әкімі ауысты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысының Сырым және Қаратөбе аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында екі ауданның әкімі ауысты

ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Төлеген Серікқалиұлы Төреғалиев Сырым ауданының әкімі болып тағайындалды.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов бүгін жаңа басшыны аудан активіне таныстырып, Елбасы тапсырмаларын орындауда қызметіне табыс тіледі.

Осыған дейін Сырым ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Т.С.Төреғалиев 1960 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1983 жылы Орынбор ауыл шаруашылығы институтын бітірген, мамандығы зооинженер.1983-1994 жылдары Жымпиты (қазір Сырым) ауданы «Жосалы», «Бұлдырты» совхоздарында экономист, зоотехник, бас экономист, бас зоотехник  қызметтерін атқарды.1994-2006 жылдары «Ақжол» шаруа қожалығының жетекшісі, 2007 жылы Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің әкімі, ал 2007 жылдан бері Сырым ауданы әкімінің орынбасары  қызметін атқарып келді.

Еске сала кетейік, осы кезге дейін Сырым ауданын басқарған Абат Шыныбеков өткен аптада Қазталов ауданының әкімі болып ауысқан еді.

Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен бұған дейін БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармасының басшысы қызметін атқарған Жанат Асылханұлы Асантаев Қаратөбе ауданының әкімі болып тағайындалды.

null

Алтай Көлгінов жаңа әкімді аудан активіне таныстырып, ауыл-аймақ тұрғындарының әл-аухатын арттыру жолында қызметіне табыс тіледі.

Ж.А.Асантаев 1970 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1993 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық институтының Алматы филиалын, 2002 жылы Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Инженер-технолог және заңгер мамандықтары бар.1993-2002 жылдары нан зауытында технолог, шебер қызметтерін атқарған. 2002-2007 жылдары Астана қаласының соттар әкімшілігінде және ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, 2007-2010 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің басқарма, департаменттерінде түрлі қызметтер атқарған. 2010-2014 жылдары Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімінің аппаратында бас инспектор, бөлім басшысы болды. 2014-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бөлім басшысы, Батыс Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы. 2016 жылдан бері Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

null

Осы кезге дейін Қаратөбе ауданын басқарған Асхат Шахаров мұның алдында Зеленов ауданының әкімі болып ауысқан еді.