Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою бойынша шаралар қабылдануда

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою бойынша шаралар қабылдануда, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою бойынша шаралар қабылдануда

Ведомствоның атап өтуінше, Оралда ТЖМ-нің, облыс әкімдігі активінің және «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы қызметкерлерінің арнайы кеңесі өтіп, онда ұйымдар мен қызметтердің басшылары қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Кеңес барысында зардап шеккендерге демеушілік көмек көрсету туралы кәсіпкерлер мен бизнесмендерге үндеу қабылданды. Сонымен қатар қаржы жинау үшін арнайы есеп-шот ашылды.