16:11, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстан облысының бюджеті 65 млрд. 161,3 млн. теңгеге жетті
ОРАЛ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХІ сессиясында бүгін облыстық бюджет нақтыланып, ол 65 млрд. 161,3 млн. теңгеге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сессия жұмысына қатысып, бюджеттегі толықтыруларға байланысты сөз сөйлеген облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бұл қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік салаға бөлініп отырғанын, сондықтан аудан әкімдері мен сала басшыларына оның талан-таражға салынбай, орнымен жұмсалуын қадағалауды тапсырды. Сонымен бірге әкім азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізіліп отырғанын айтты. Сол сияқты жанар-жағар май бағасы да тұрақты. Тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне қамқорлық еш төмендемейді.