Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ОРАЛ. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Нұрлан Төлтай БҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болып тағайындалды,

Батыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыркүйектің 25-інде жаңа басшыны басқарма ұжымына облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов таныстырды.

Н.Төлтай 1962 жылы дүниеге келген, 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын, 2002 жылы Алматы технологиялық институтын бітірген. Мамандығы бойынша сәулетші-экономист. Сәулет-құрылыс саласында жұмыс істеген, соның ішінде Тараз, Алматы қалаларында лауазымды қызметтер атқарған.