Батыс Қазақстан және Атырау облыстары жәрмеңкеге 800 тоннаға жуық өнім әкеледі

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Астана қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда жыл сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының өнімдері ұсынылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлады.
None
None

Жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысынан 12 аудан және Орал қаласы қатысады.

Аталған облыстан құны 150 млн. теңгелік жалпы көлемі 700 тоннаға жуық өнім әкелінеді. Мал шаруашылығымен айналысатын 7 ауданның әрқайсысы 1,5 тоннадан жылқы етін, қалған аудандар картоп пен басқа да көкөністер жеткізеді. Жәрмеңкеде 20,5 тонна ет, 140 тонна картоп, 120 тонна пияз, 120 тонна сәбіз, 90 тонна қызылша, 100 тонна қырыққабат, 10 тонна балық, 5 тонна шұжық және шұжық өнімдері, деликатестер, 2 мың литр сұйық май, 100 мың дана жұмыртқа, 5 мың литр қымыз, 2 тонна сүт және басқа да өнім ұсынылады. Барлығы 30 сауда орнында 40 кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерін сатады.

Ал Атырау облысынан жәрмеңкеге 7 аудан мен Атырау қаласы өз өнімдерін жеткізеді. 55 кәсіпкер 26 сауда орнында ауыл шаруашылығы өнімдерін сатады. Құны 40 млн теңгелік 80 тонна көлеміндегі өнім сатылады.

Айта кетейік, жәрмеңкеде тауарлардың құны базардағы бағалардан 10-20 пайызға төмен болады. Бұдан басқа, қалалық алаңда жәрмеңке кезінде Атырау және Батыс Қазақстан облыстары көркемөнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум