Батыс Қазақстанда 1,1 млрд. теңгенің мұнай өнімдері өндірілді

ОРАЛ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында статистикалық деректерге сәйкес қаңтар айында 1,1 млрд. теңгенің мұнай өнімдері өндірілді,

Батыс Қазақстанда 1,1 млрд. теңгенің мұнай өнімдері өндірілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бір айда 39,5 мың тонна газойл (дизельді отын) өндірілді. Сондай-ақ электр қуатын, газ бен суды өндіру мен бөлу кәсіпорындарында өнім көлемі 2,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылғыдан 3,7 пайызға асып түсті. Электр қуатын өндіру ? 3,2, табиғи су 2,7 пайызға ұлғайды.