Батыс Қазақстанда 13 мыңнан астам тұрғын ревакцинациядан өтті

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, сондай-ақ 4 890 адам Pfizer вакцинасын қабылдаса, соның 151-і – жүкті, 1 977-сі – бала емізетін әйелдер, 2 462-сі – жасөспірімдер.
Вакцинация басталғаннан бері өңірде 254 667 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 61,4 пайызы) екпенің бірінші, 241 165-і (58,2 пайызы) екінші компонентімен егілді.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 40 038, биыл 30 817 адам коронавирус жұқтырды.
Соң,ы аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға (13 науқасқа) өсті.
Күні бүгін облыста 286 адам амбулаторлық, 57 науқас стационарлық ем алуда. Соның ішінде жетеуі жансақтау бөлімшесінде. Бұлардың үшеуі инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына, төртеуі оттегі концентраторына қосылған.
Жыл басынан бері 682, желтоқсанда 13, соңғы аптада 5 адам коронавирустан көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жаңа қаулыға сәйкес сауда үйлеріне тұрғындар тек «жасыл» мәртебемен ғана кіре алатынын жазған болатынбыз.