Батыс Қазақстанда 17 сумен қамту нысаны салынбақ

ОРАЛ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл 17 сумен қамту нысанын салу көзделіп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықовтың айтуынша, бұл халық саны шамамен 17,8 мың адамды құрайтын тағы 15 елді мекенді ауыз сумен қамту мәселесін шешеді. Өткен жылы тек облыстық бюджет есебінен жеті елді мекенде су құбырлары мен ұңғымалар салынды, тоғыз елді мекенде су құбыры күрделі жөндеуден өткізілді. Республикалық бюджет есебінен сегіз елді мекенде су құбырлары іске қосылды. Қазіргі кезде 120 ауыл орталықтандырылған таза сумен қамтамасыз етіліп отыр.
Соңғы жаңалықтар