Батыс Қазақстанда 18,6 миллиардтан астам теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді

ОРАЛ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда 18,6 миллиардтан астам теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді.
None
None

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 8 пайызға артық. Өңірде негізгі азық-түлік өнімдерін өндіру ұлғайып отыр. Атап айтқанда, ет өткен жылғы он айдағы 2663 тоннадан биыл 2905 тоннаға, сүт 1734 тоннадан 1788 тоннаға, ұн 94680 тоннадан 100648 тоннаға, нан 15737 тоннадан 16079 тоннаға, макарон 15302 тоннадан 15732 тоннаға жетті.

Соңғы жаңалықтар