Батыс Қазақстанда 243,5 млрд. теңгенің сегіз ірі жобасы жүзеге асырылуда

ОРАЛ. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында республикалық индустрияландыру картасына енгізілген 243,5 млрд. теңгенің сегіз ірі жобасы жүзеге асырылуда,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, соның үшеуі биыл іске қосылса, төртеуі алдағы жылы, біреуі 2011 жылы пайдалануға беріледі.

Өңірде барлығы 271,5 млрд. теңгеге 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Облыста биыл «Жол картасы» аясында 82 жоба бойынша 5 миллиардқа жуық теңге игеріліп, 9 мыңға тарта жаңа жұмыс орны ашылды.

Соңғы жаңалықтар